A place where you need to follow for what happening in world cup

110 – шы көктемін қарсы алған-Аманбала апа

0 87

«Қартың қазынаң», «Қариясы бар елдің, сарқылмас дариясы бар» деген. Небір қилы кезеңдерді бастан өткізген қарияларымыз отбасының өнегесі болып, ғасырға жуық жүргендері қаншама.

Бұған да тәуба. Адамзаттың басты арманы – ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, ұрпақ өсіру. Ата-аналық парыздарын адал атқарған Аманбала апа биыл 110-көктемін қарсы алып отыр.

Аманбала Аманжолова 1910 жылы қаңтар айында Сарыарқада туылған. 1926 жылы Балтабай Аманжоловқа тұрмысқа шығып,1928 жылы Сарысу ауданы құрылғанда көшіп келген.

Аудан 39 кеңшар болған шағында Ілгерібаста колхозшы болып жұмыс атқарған. Соқа айдап, бидай орып, шөп шауып, еңбек етуден жалықпаған.

Совхозда сақпаншы, қой қырқу жұмыстарымен айналыса жүріп зейнеткерлікке шығады. 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, бүгінде солардан 40 қа тарта немере, шөберелер сүйіп бақытты әже атанып отыр.

110-шы көктемін қарсы алып отырған ананың асыл арманы-болашақ ұрпақтардың еш қиындық көрмеуі мен ұзақ жасап, бақытты ғұмыр кешуі.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.