A place where you need to follow for what happening in world cup

12 ауылдың көшелері жарықтандырылмақ

0 86

Сәрсенбі күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сағадат Мадалиев пен Есенкүл Оспанова Аспара ауылының тұрғындарымен кездесіп, саяси науқан алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Шу аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Айта кету керек, халық қалаулысы болуға бел буған үміткерлер сайлауалды бағдарламада ел игілігі үшін атқарылатын жұмыстардың ауқымы кең екенін айтты. Мәселен, жеті басымдықтың ішіндегі «Қауіпсіз аудан» деп аталатын жетінші басымдығына сәйкес, партия Төле би, Қонаев ауылдарына және Шу қаласына кемінде 10 бейнебақылау камераларын орнатуға, «электрондық қылмыстық іс», «әкімшілік хаттамалау» жобаларын құру бойынша жабдықтар сатып алуға, Мойынқұм мен Балуан Шолақ ауылдарында өрт сөндіру пункттерін құруға, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз етуге, 12 ауылдық елді мекеннің көшелерін жарықтандыруға ықпал етпек. Осы арқылы аудандағы қылмыс деңгейін азаймақ.

Кездесу барысында ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Тоқтағұл Санабеков ауылға газ бен байланыс жүйесі қажеттігін тілге тиек етсе, зейнеткер Алмакүл Шоманқұлова көшені жарықтандыру мәселесін көтерді. Өз кезегінде үміткер Сағадат Мадалиев пен Есенкүл Оспанова аталған мәселелердің барлығы да рет-ретімен, кезең-кезеңімен шешілетіндігін, оның барлығын тиісті мекеме басшыларына жеткізетіндерін айтты. Сонымен бірге сайлау кезінде тұтас ауыл болып, бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Ауыл тұрғындары да партияның ел арасындағы белсенділігін атап өтіп, саяси науқанда «Nur Otan» партиясының жеңіске жететіндігіне сенім білдірді.

 

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Шу ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.