Кеше Б.Момышұлы мектеп-гимназиясының оқушысы, 13 жастағы Жасмин Нысанбай Жамбыл аудандық емханаға жеткізілген «Pfizer» вакцинасын қабылдады.
Анасының айтуынша, сергелдеңге салған індеттен құтылу үшін отбасымен вакцина қабылдаған.
– Ауданға «Pfizer» вакцинасы келгенін естіп, осында келдік. Ата-анаға баланың қауіпсіз өмірі мен денсаулығы — маңызды. Қызымыз екпеден өтті. Ақ халатты абзал жандарға алғысымды білдіремін, — дейді.