A place where you need to follow for what happening in world cup

18 адам донерден уланып қалды

0 169

Алматы облысында тұрғындар донерден жаппай уланып қалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған жайт 29 қаңтар күні тіркелген. Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегіне сәйкес, зардап шеккендер Бесағаш ауылындағы кафелердің бірінде түскі ас ішкен. Ал кешке өзін нашар сезіне бастаған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігі («санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда жаппай ауруға, жұқтыруға, адамдардың сәулеленуіне немесе улануына әкеп соққан бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Кафеге қосылған донер сатушылар елдің санитарлық-эпидемиологиялық әлеуеті саласында рұқсат етілген құжатсыз жұмыс істеген. Сондай-ақ, онда санитарлық ережелердің талабын бұзудың бірқатар фактісі анықталды. Тергеу жұмыстары жалғасуда», — делінген жазбада. 

Nur.kz

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.