Жамбыл облыстық білім басқармасының 2020 жылғы 06 қазан күнгі №02-4780 хатына сәйкес «Өркениет» қайырымдылық қоры әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан шыққан жоғарғы оқу орындарына түсуге ниет білдірген 10-11 сынып оқушыларынан сынаққа дұрыс дайындалуды, мамандықты және жоғарғы оқу орнын дұрыс таңдау мәселесін шешуге «Достық» білім беру орталығы арқылы тегін көмектесуді жоспарлаған.
20-22 қазан күндері «Достық» білім беру орталығының қызметкерлері Ю.Гагарин мектеп лицейінің базасында Жамбыл ауданының әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 98 түлектен сынама тест алды. Сынама тестен жоғары балл жинаған және әңгімелесуден өткен 25 түлек Аса ауылындағы «Gadam» және «Достық» білім беру орталығында ҰБТ-ға дайындық курсына қатысады.