A place where you need to follow for what happening in world cup

471 түлектің 276-ы оқу грантын жеңіп алған

0 202

Ұстаз бен мектептің  жетістігі оқушы жеңісінен көрінеді. Сондықтан білім беру мекемелері өткен жылдың өлшеміне көз салып, жаңа оқу жылында бары мен жоғын түгендейтіні белгілі. Алайда Жамбыл облысы Жамбыл  ауданы үшін былтырғы оқу жылы айтулы жемістермен есте қалғаны даусыз.

Өткен оқу жылында ауданның жалпы білім беретін мектептерінде 16216 шәкірт дәріс алып, оқу озаттарының саны 3296, оқу екпінділерінің қатары 7887-ні құрап, білім сапасы 69,1 пайызды қөрсеткен.  Бұл алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 1,7 пайызға артқанын білдіреді.

622 мектеп бітірушінің маусым айындағы  ҰБТ-ға  471-і  қатысса,  былтырғы жылмен салыстырғанда қатысу пайызы 7,5-ке көбейген.

«Алтын белгі» иегеріне 14 оқушы ұсынылса, соның 7-і 100-ден жоғары бал жинаған. 18 үздік аттестат иегерінің 6-ы  сенімді  ақтап шыққан.

Десе де, жанға жылу беретін жағымды жңалық 471 түлектің 276-ы оқу грантына ие болған. Оның ішінде 258-і жоғары оқу орнының грантын иеленсе, 5-і «Серпін-2050» мемлекеттік әлеуметтік жобасының жеңімпазы атанған. 10 оқушы колледж грантын жеңіп алса, шет мемлекеттің жоғыру оқу орнының грантына 3 түлек түскен. Бұл ретте  А.Әйтиев атындағы және Жасөркен мектебі оқушыларының білім деңгейінің жоғарылығын баса айтып өткен жөн.

Енді міне, жаңа оқу жылы да бастау алды. Жамбыл ауданының жастары биылғы белестеріне тоқмейілсімей, осы жылғы оқу маусымында да жарқын жеңістерімен қуантады деп сенеміз.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.