A place where you need to follow for what happening in world cup

55-де ел намысын қорғайды

0 214

Алда  төрт жылдықтың ең айтулы аламаны Токио Олимпиадасы келе жатыр. 24 шілде мен 9 тамыз аралығында алауы тұтанатын байрақты бәсекеге бүгінде төрт күл әлемнің спортшылары  дайындық үстінде. Ең басты меже – Олимпиада жолдамасын олжалау.

Биылғы  Олимпиадаға бейсбол, каратэ, серфинг сынды жаңа спорт түрлерінің қосылуымен қатар,  жолдаманы еншілеу де спортшылардың әлемдік рейтингтегі әлеуетіне қарай берілуде. Аталған рейтингтің алдыңғы қатарынан көрінуге жамбылдық жампоздар да жан салуда. Солардың бірі — Паралимпиада ойындары бойынша Рио Олимпиадасының чемпионы, жерлесіміз Зульфия Габидуллинаның Токиоға баруға мүмкіндігі мол. Айтулы аламанның қарсаңында осы жамбылдық жанкүйерлер  сенім артқан саңлақтарымызды көпшілікке  танытқанды  жөн деп таптық.  Ендеше, мархаббат…

Зульфия Раухатқызы  жүзу спорты  бойынша халқаралық санаттағы спорт шебері. 1965 жылы Тараз қаласында  дүниеге келген Зульфия  бес жасында жол апатына ұшырап,  1-ші топтағы мүгедектікті алады.  1990 жылдан бастап бейімделу мақсатында дене шынықтыру және спортпен айналысады. Жүзумен кәсіби түрде 2007 жылдан бері шұғылданады. Осы кезден бастап мүгедек спортшылар арасында облыстық және республикалық біріншіліктерде, паралимпиалық ойындарда  және халықаралық жарыстарда жүзден жүйрік шығып, даралығын танытады. 

Зульфия Габидуллина қазіргі таңда мүгедек-спортшылардың «Дос Тараз» бірлестік қоғамының мүшесі бола отырып, Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубында Қазақстан Республикасынына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Саттар Бейсембаевтың қол  астында жүзу спортымен  тұрақты түрде шұғылдануда. 

  

Жерлесіміздің спорттық жолына тереңірек тоқталсақ, ол 2013-2015 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс және 3 мәрте қола жүлдегері. Бүкіләлемдік ойындардың бернеше мәрте жеңімпазы, әлемнің 12-мәрте рекордсмені. Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада  ойындарында  100 метр қашықтыққа еркін стильмен жүзуден ел тарихындағы тұңғыш  алтын медальді жеңіп алды. Сондай-ақ  алдыңғы жылы қоржынын әлем чемпионы  атағымен толықтырды.

Зульфия  бірнеше әлемдік рейтингтер бойынша ғаламшардың ең мықты спортшыларының  қатарында. Бүгінгі таңда барлық дейгейдегі бәсекелерде  156 медаль еншілеп, 200 грамота мен дипломмен марапатталған. ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен құрметтелген.

Міне осындай толайым табысқа кенелген жерлесіміз Токио Олимпиадасында бақ сынайтын  жамбылдық спортшылар арасында басты үміткер саналып отыр.  Биыл Зульфия Раухатқызы 55 жасқа келетінін ескерсек, мемлекет мақтанышы  елудің бесінде ел намысын қорғамақ. Ендеше Зульфияның алдағы лицензиялық жарыстарда айы оңынан туып, сәттілік жолдас болсын деп тілейміз!

    Токио төрінде көк байрағымыз биіктеп, Әнұранымыз шырқалатын күн тусын!

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.