Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептердің 10 сынып оқушылары арасында республикалық «Дарын» ғылыми — практикалық орталығының ұйымдастыруымен ұлы ғалым, философ, ойшыл Әбу Насыр Әл –Фарабидің 1150 жылдығына орай олимпиада өтті.
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша түндігін түрген халықаралық олимпиада қашықтықтан өткізілді.
Қашықтық олимпиада 5 пәннен (математика, физика, биология, химия, география) өтті. Жалпы аудан бойынша 85 білім алушы қатысып, өз бақтарын сынады.