A place where you need to follow for what happening in world cup

Айшабибілік жамағат мешіт асханасын салды

0 110

Айшабибі ауылдық округінде ауыл тұрғындарының демеушілігімен Айшабибі мешітінің жанынан асхана ашылды.

Асхана 150 адамға бір мезетте қызмет көрсете алады. Ыдыс аяқ, асхана құралдарымен қамтамасыз етілген.

Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев қатысып, жамағаттың сауапты ісін алға тартып, ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ таразыда салмағы мол амалға мұрындық болған айшабибіліктердің қуанышына ауданның бас имамы Ғарифулла Қуанышбекұлы, округ әкімі Дәрмен Рысбайұлы, ауыл имамы Қатарбай Бәйімбетұлы қатысты.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.