A place where you need to follow for what happening in world cup

Айтқазы Қарабалаев анасымен бірге дауыс берді

0 190

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев №53 орта мектепте  орналасқан сайлау учаскесінде  анасымен бірге келіп, дауыс берді.     

  

Сақтық шаралары мен әлеуметтік қашықтық сақталған сайлау учаскесінде  өз таңдауын жасағаннан кейін қала әкімінің анасы  науқанға атсалысып жатқандарға ақ батасын беріп,   елдің тыныштығы мен дамуына тілектестік білдірді.

Жалпы Тараз қаласы бойынша бүгін 125 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Статистикалық мәліметке сәйкес, көне шаһарда 255 мыңнан астам сайлаушы дауыс береді деп күтілуде.  Ал  дауыс беру құқығын алғаш рет пайдаланып отырған тараздық жас сайлаушыларға естелік сыйлықтар берілмек.  Сондай-ақ, алғашқы болып дауыс берген жүз сайлаушы «Қазақстан»  тәтті шоколадымен ынталандырылады.

 

 

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.