Еліміздің бас партиясы ауыл шаруашылығы саласындағы қайта өңдеу ісіне басымдық береді. Партияның ықпалымен қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сүтті қайта өңдеу көрсеткіші 85 пайызға, етті қайта өңдеу көлемі 60 пайызға дейін ұлғаяды. Жуалы ауданындағы «Бурное» сүт зауытының ұжымымен болған кездесуде «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Гүлдара Нұрымова сайлауалды бағдарламаның дәл осы басымдықтарына назар аударды.
— Шағын және орта бизнесті дамыту өңір экономикасының өсімін қамтамасыз ететін бірден-бір тетігі саналады. Дегенмен коронавирустық инфекцияның таралуын тежеу үшін жарияланған төтенше жағдай кәсіпорындардың жұмысына тежеу болды. Осы орайда «Nur Otan» партиясы карантиндік шектеу шараларынан зардап шеккен бизнес нысандарына мемлекет тарапынан қолдау білдіруге күш салады. Бұл орайда партия «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен әріптестік байланысын жандандырады.
Дәл осы қолдау шараларын әрбір бизнес нысаны сезінері анық. Бір ғана ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында партияның ықпалымен сүтті қайта өңдеу көлемін 85 пайызға дейін, ал етті қайта өңдеу өндірісін 60 пайызға дейін ұлғайту көзделуде. 2,2 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған мен жұмыссыз ауылдық өндірістік кооперативтерге қызмет ету тартылып, тұрақты жұмысқа орналасатын болады.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің кемінде 250 жаңа жобасына жыл сайынғы қаржылық қолдау көрсетіледі. «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде жыл сайын кемінде 20 жоба қаржыландырылады. Бұл шаралар 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің қолданыстағы субьектілерінің санын 93,3 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Шағын және орта жұмыспен қамтылғандар саны 155,1 мың адамға өседі.
Сіздерді сайлауалды бағдарламасының қоғам өмірінің барлық саласын қамтыған ауқымды жоспары бар партияға дауыс беру шақырамын,– деді Гүлдара Алданышқызы.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.