A place where you need to follow for what happening in world cup

АЛҒАШҚЫ ЖАРЫСТА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

0 189

Естеріңізде болса, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығында» «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінің үйірмесі ашылған болатын. Жастардың қызығушылығын арттырған үйірмеге ауданымыздың әр ауылдарынан спортшылар келіп, жаттықтырушылардан тәлім алуда. Ашылғанына бір ай толмасада үйірме тәрбиеленушілері облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған жауынгерлік самбоның аймақ чемпионатында топ жарды.

Жастар арасында өткен чемпионатта 60 келі салмақта жұдырықтасқан Аслан Тұрарбек пен 64 келі салмақта қарсылас біткенді қапы қалдырған Жандос Елібай бірінші орынды қанжығасына байласа, Мұхаммедияр Оразымбек (48 келі), Нұрсұлтан Қадірбай (56 келі), Ақарыс Қозыбақ (63 келі) өз салмақ дәрежесінде екінші орынды иеленді. Ал Бақдәулет Акбар (66 келі), Нұрдос Сәлемов (58 келі), Даниял Біләл (69 келі), Нұрлан Қаржаубай (69 келі), Пернебек Жалқабай (52 келі) үшінші орыннан көрінді. Нәтижесінде, «Жамбыл ауданы» командасы «Нұр-Сұлтан» қаласында өтетін ел чемпионатына тікелей жолдама алды.

Елордадан жеңіспен оралуына күш салатынын жеткізген «Жекпе-жек» федерациясының аудандағы өкілі Нұрбол Мырзағараев:

Бүгін аудан спортшыларынан құралған команда бозкілемде керемет өнер көрсетті. Алғашқы жарыста ел біріншілігіне жолдама алу біз үшін – үлкен жетістік. Жеңіспен оралатынымызға сенімдімін, – дейді ол

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.