Ағымдағы жылдың 13 қараша күні экологияны жақсарту мақсатында Қаратау қаласы «Батырлар алаңында» 100 аса түп көшет отырғызылды.
Игілікті шараға аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы, Қаратау қаласының әкімі Мақсат Сабырғалиұлы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары қатысты.
Басты мақсат аймақтарды жасыл желекпен жайқалту. Әрі адамдардың табиғатты аялауға деген ішкі мәдениетін қалыптастыру болып табылады.