A place where you need to follow for what happening in world cup

Қала тұрғындарының спорт нысандарына қол жетімділігі

0 152

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 11 қаңтардағы №168 Жарлығында бекітілген дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру және негізгі көрсеткіш бойынша бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын Республика көлемінде 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізу туралы тапсырмасын орындау және салауатты өмір салтын насихаттау арқылы қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында жұмыстарын тиімді жүргізу арқылы аталған көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Қала тұрғындары жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шүғылдану үшін Тараз қаласындағы спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында 552 спорт нысандары жайлы толық ақпарат жыл басынан бұқаралық ақпарат құралдары және Тараз қаласы әкімінің сайты арқылы халықтың назарына ұсынылуда.

Қазіргі таңда Тараз қаласында 7 облыстық мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебі, 6 кәсіби спорт клубы, олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы, облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп интернаты, жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы, бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығы және «Тараз-Арена» спорт сарайы жұмыс атқаруда.

Тараз қаласында халықтың жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шүғылдану үшін жыл санап жаңа спорт нысандары бой көтеруде. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен де қаладағы мөлтек аудандарда, шалғай алқаптар мен парктерде спорттық алаңшалар салынуда.

2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда Тараз қаласында өтпелі мерзімде жергілікті бюджеттен «Қарасу» (5) мөлтек ауданында — 1 «Street Workout» алаңшасы, «Тастақ» алқабында — 1 «Street Workout» алаңшасы, Сәтбаев көшесі №56 — 1 «Street Workout» алаңшасы салынды.

2019 жылы жергілікті бюджеттен «Қарасу» мөлтек ауданы «Балауса» аула клубының маңында (24 жатақхана) — 1 «Street Workout» алаңшасы салынды.

Жергілікті бюджеттен «Қант» алқабы Жауғаш батыр көшесі 13б мекен-жайында 1 әмбебап спорт алаңшасы салынды.

2019 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасымен Рио де Жанейро (Бразилия) қаласында өткен паралимпиалық спортшылар арасында XV Жазғы Паралимпиалық ойындарында 100 м еркін жүзуде ел тарихында тұңғыш рет Паралимпиада чемпионы атанып, Әлем Рекордың жаңартқан — Габидуллина Зульфия Раухатовна «Жансая» (11) мөлтек ауданы, №34 үй ауласына — 1 әмбебап спорт алаңшасын салып берді.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер тарапынан Тараз қаласында төмендегідей спорт нысандары бой көтерді:

— Саңырақ Батыр көшесі №31г мекен-жайында 3 спорттық залдардан тұратын «Мирас Арена» спорт кешені (1 әмбебап спорт залы, 2 жапсарлас спорттық би залы) салынды;

— Жамбыл даңғылы №200 мекен жайында «FITNESS BLITZ» жаттығу залы ашылды.

— Тәуке хан №25е мекен жайында орналасқан Dostyk-life кешенінде төбесі жабылған жасанды төсеніші бар 20х40 метр өлшемдегі — 1 кіші-футбол алаңшасы салынды;

— Д.Бедного көшесі №33 мекен жайында 50х90 өлшемдегі — 1 футбол алаңы салынды;

— Жансая 43б мекен-жайында 2 кіші-футбол алаңшасынан тұратын «Алаш Арена» спорт алаңшалар кешені салынды;

— «Жеңіс» саябағында жеке кәсіпкер тарапынан 2 кіші-футбол алаңшасы салынды;

— Әл-Фараби көшесінің бойында 2 кіші-футбол алаңшасынан тұратын «Дарын» спорт алаңшалар кешені салынды.

Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовтың 2019 жылғы 15 мамырдағы «аудандар мен Тараз қаласында спорт алаңшаларын салу» туралы №57 хаттамалық тапсырмасына сәйкес Тараз қаласында спорт алаңшаларды салу, қалпына келтіру және жаңғырту жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Аталған Жол картасына сәйкес 2019 жылы 43 спорт алаңшасы салынып, 6 спорт алаңшасы қалпына келтірілді. Сонымен қатар 2020 жылы 37 спорт алаңшасының (35 спорт алаңша жергілікті бюджет, ал 2 алаңша жеке меншік есебінен) салынуы жоспарлануда.

Қала тұрғындары жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру жұмыстары одан әрі жүргізілетін болады.

 

К.Олжабай,

Тараз қаласы әкімінің орынбасары

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.