A place where you need to follow for what happening in world cup

Қаламын татулықтың сиясына батырған Ана

0 148

Ана деген үш әріпте қаншама кіршіксіз сезім, риясыз көңіл жатыр десеңізші. Түн ұйқысын төрт бөліп, бесіктегі құлыншағымен әлемді қоса тербеткен асыл жандар әрқашан аман болсын.

Әйтсе де, арамызда елі сағынатын, жолын тосып, сипатты әңгімесіне құлақ түруге асығатын аналарымыздың бірі – Сәуле Мешітбайқызы.

Бүгінде «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газетінің Бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Елана» қоғамдық-әлеуметтік, танымдық-ақпараттық сайтының жетекшісі болып, қаламын татулықтың сиясына батырып жүрген Сәуле Мешітбайқызы өңірімізге аналық махаббатын шашып, сапарлап келді.

Түнеугүнгі кездесуден кейін жарқын бейнесін, өнегелі сөздерін сағыныпта үлгеріппін. Танымдық әңгімесі жүректі жібітетін анамызды құшақ жая қарсы алып, мәжіліс залында басқосу ұйымдастырдық. Ауданның аяқ-алысын тілге тиек етіп, бүгінні заманның тыныс-тіршілігіне шолу жасап, қимастықпен қоштастық. Әлгінде «Жамбылдың жапырағы жерге түссе, жүрегім сыздап қалады», деген сөзінен-ақ, анамыздың ыстық махабатын сезінуге болады.

Қайда жүрсеңізде аман болыңыз! Сіз елімізге керек тұлғасыз!

 

Сәкен Арубаев,
Жамбыл ауданының әкімі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.