9 мамыр — Жеңіс күні мерекесіне орай, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ауданымызда тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагерлері І.Қабылов пен К.Шаменовтың үйінде құттықтау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында мекеме директоры Ж.Жұмағұл айтулы мерекемен құттықтап, мерекелік естелік төсбелгіні тапсырды. Ардагерлер өз кезегінде жастарға ақ батасын берді.
Асылжан Пазылбеков, Сарысу ауданы