A place where you need to follow for what happening in world cup

Ардагерлер ардақталды

0 128

Биыл Жеңістің 75 жылдығы. 1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты.
Сонау қиын-қыстау шақта жанын аямай болашақ ұрпақ үшін қан майданда ерлік танытқан ұлт батырларының қатарында аты аңызға айналған, алтын жұлдызды қаһарман жерлестеріміз сарысулық Ыбрайым Сүлейменовтің есімі әрқашан да бауырларының жадында.
Қазіргі күнде ерлігі ұрпағына мұра болған Жеңіс солдаттарының қатары жыл санап сиреп бара жатқаны заман ақиқаты.
Дегенмен, бүгінде от пен оқтың ортасынан еліне аман-есен оралған Ұлы Отан соғысының ардагерлері Шәменов Кемелбек, Ібіжанов Қабыл, Маханбетов Мысалы сынды қарт ардагер жауынгерлер ортамызда жүр.
Мемлекетіміз ардагер ұрпақтың мұң-мұқтажы мен денсаулығын, тұрмыс жағдайын ешқашан назардан тыс қалдырған емес.
Біздің Сарысу ауданында да Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмірі мен тұрмысы басты назарда болып қала береді.
Алдыңғы толқын ағалардың майдан даласындағы жанқиярлық ерлігі мен соғыстан кейінгі ерен еңбегі бүгінгі жастар үшін өшпес өнеге.
Міне, осындай мақсатта
9 мамыр күні ауданда көптеген онлайн шаралар жүзеге асырылып, қауіпсіздік шараларын ұстана отырып
ҰОС-ы және тыл ардагерлеріне лайықты марапаттаулар жасалды.
Жалпы аудан бойынша соғыс ардагері-3, тыл ардагерлері — 119, ҰОС жесірлері — 17.
Осы аталған барша ардагерлер Ұлы Жеңістің-75 жылдық медалымен марапатталды.

 

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.