A place where you need to follow for what happening in world cup

Ардагерлер кеңесінің төрағасы жас қызметкерлермен кездесті

0 81

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде сала ардагерлерімен жас қызметкерлерінің дәстүрлі кездесуі өтті. Мекеменің кадр саясаты бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында мекеменің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарлығаш Низябекова ұмытылмас естеліктерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге әрдайым антқа адалдық, тәртіп пен еңбекқорлық қажет екенін атап өтті.

Кездесу барысында Қарлығаш Елеусінқызы жас қызметкерлерді қолдау мақсатында бүгінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің аз еместігіне тоқталып өтті. Ол өз сөзінде еңбек жолын енді ғана бастап келе жатқан жастардың мол мүмкіндікке ие екендігін, тек сол мүмкіндікті мүлт жібермеу қажеттігін баса айтты.

Шара соңында жастардың толассыз сұрақтарына жауап берген мекеменің ардагерлер кеңесінің төрағасы оларды әрдайым қызметіне адал болуға, азаматтарға қорған болуға шақырды.

Айгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.