A place where you need to follow for what happening in world cup

Арубаев көк байрақты желбірететін ұландардың тәрбиеленетіне тілектестік білдірді

0 93

Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығынан» ашылған «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінің үйірмесіне арнайы барды.
Үйірменің есігі дүйсенбі мен жұма күндері келемін деушілерге әрдайым ашық. Мұнда спорт сүйер қауым үшін жаттығу құрылғылары мен жұдырықтасудың қыр-сырларына машықтайтын жаттықтырушылар бар. Салауатты өмір салтын ұстану, дене қозғалысын реттеу мақсатында ашылған үйірме 30-ға жуық 9-25 жас аралығындағы жастарды қабылдауға әзір.

Өңір басшысы Сәкен Қаланұлы спортшылармен жүздесіп, жаттығуды тек жинақылық, шапшаңдық үшін қолдану қажеттігін ескертіп, көк байрақты желбірететін ұландардың тәрбиеленіп шығуына тілектестігін білдірді.
«Жекпе-жек» федерациясының аудандағы өкілі Нұрбол Мырзағараев алдағы уақытта ел чемпиондары шығатынына сенімді екенін жеткізді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.