Аудан әкімі Сәкен Арубаев пен мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов жұмыс сапарымен Ерназар ауылына барды. Елді мекенге газ тарту жұмыстары қарқын алған.
Ауыл әкімі Қайрат Әділовтың айтуынша,халяық көптен күткен «көгілдір отынды» «Энергоресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған.
– Ауылда аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Газбен қамтамасыз етуге 167 млн теңге қаражат қарастырылып, бүгінде жұмыстар 90 пайызға аяқталған.
Сондай-ақ ауылдық Мәдениет үйі мен К.Кейкиев атындағы орта мектептің маңына 3 млн теңге қарастырылып, жол жабындысы төселді.
Ал Ақшуақ ана көшесіне асфальт төсеу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Оған 14 млн теңге қарстырылуда. «Нұрабдрахман» ЖШС жұмыстарды мәреге жеткізбек, — дейді ауыл әкімі атқарылған жұмыс арға шолу жасап.
Өз кезегінде сөз алған Сәкен Қаланұлы жұмыстар кемшіліксіз жасалуын назарға алуды тапсырды.
– Атқарылған игіліктің басы-қасында жүріп, кейбір аулаларға газ тартылмай қалмауды қадағалау керек.
Ақшуақ ана көшесін тездетіп бастаңыздар. Халық алдында есеп беру кезінде тұрғындар осы көшені және газ тартылса деген сұранысын айтқан болатын. Сондықтан суыққа ұрынбай жұмысты аяқтау қажет, – деді аудан басшысы.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі