Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер» арнайы жобасы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында ауданымыздың тағы бір тұрғыны баспаналы болды.
Бостандық ауылының тұрғыны, әлеуметтік аз қамтылған отбасы санатындағы Жайлауова Дина баспаналы болып куанышқа кенелді. Қоныс тойында ауылдың бой көтерген жаңа тұрғын үйдің кілтін аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасов табыс етті. Бүгінгі таңда үйдің шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқталған. Демеушілердің көмегімен жаңа қоныс иесіне жиһаз бен тұрмыстық техникалар да тарту етілді.
Бүгін осындай үлкен үй салып беруге атсалысқан аудан, ауылымыздың басшыларына, ақсақалдары мен жастарына, кәсіпкерлерге, барлық ауылдастарыма алғысым шексіз. Ынтымақ-бірлігіміз ажырамасын. Қиын-қыстау кезде осындай қолдау көрсетіп жатқан баршаңызға Алланың нұры жаусын,- деді қуанышын жасыра алмаған жаңа қоныс иесі Жайлауова Дина.
«Асарлатып үй салу» жобасы аясында сырты қоршаумен қоршалып, заманауй үлгіде соғылған төрт бөлмелі үй. Құны 2 миллион 500 мың теңге тұратын, жалпы алаңы 910 шаршыметрлік төрт бөлмелі үйдің құрылысын ауыл жастары тура бес айдың ішінде бітіріп берді. «Келісті атаның жолы-кейінгіге үлгі» демекші, жақсы істі жаңғыртып, жалпының жанын жадыратқан «Асар» ісі ағайынның арасын нығайтуға, әлсізді демеуге үлкен себепкер, ел арасына тың ой салған игілікті іс.