A place where you need to follow for what happening in world cup

Қашықтықтан оқыту – заман талабы

0 107

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 2020 жылғы 6 сәуірден бастап
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтан оқыту
жүйесіне көшті. Дүйім елді дүрліктірген коронавирустық инфекцияның
таралуы бүгінде біздің ауданымыздан да орын алып, аудан тұрғындарының қозғалысына шектеу қойылды. Соған байланысты «Пандемия кезінде білім беру ұйымдарында COVID – 2019 коронавирустық
инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 1.04.2020 жылғы №123 бұйрығына сәйкес еліміздегі орта білім беру ұйымдары қашықтықтан
білім беру технологияларын пайдаланып отыр.
Аудан бойынша 24 күндізгі жалпы білім беретін мектепте (оның
ішінде: 1 – бастауыш, 21- орта мектептер, 2 -негізгі) 5939 оқушы білім
алуда. Бүгінде барлық мектептерде сабақ кестесі жасалып, директормен
бекітілген, әрі пән мұғалімдері кестеге сай сабақ өтуде. Нақтырақ айтқанда,
Мойынқұм ауылындағы Жамбыл м/г, Т.Рысқұлов т.м, М.Жұмабаев м/л,
Шығанақ ауылындағы Шығанақ орта мектептерінде қашықтықтан оқыту
тәсілін мұғалім өз бетінше интернет платформалар арқылы (ватсап) оқытса,
қалған Абай, Амангелді, Б.Момышұлы, Қ.Рысқұлбеков, №2, О.Жандосов,
С.Сейфуллин, В.Терешкова, Ақбақай, №1, Мыңарал, К.Қасымов, Қашқантеңіз
б.м, Ағыбай батыр н.м, Ә.Молдағұлова н.м, Ә.Төлепбергенов, Ы.Алтынсарин,
А.Байтұрсынов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов атындағы орта мектептер телевизиялық
сабақтар арқылы оқушыларға қашықтықтан білім беруде.
Мұндай келеңсіз уақытта мұғалімдердің де жұмысы көбейе түскені анық.
Алайда интернет технологиясы дамыған шақта ұстаздар қауымының дені
интернет арқылы жұмыс жүргізе алатындығын көрсетті. Алайда оқушылар
мен ата-аналар да бұған түсіністікпен қарап, өз үлестерін қосулары қажет.
Қазіргі жағдайда ауданымыздағы барлық мектептерде қашықтықтан оқыту
жүйесі нәтижелі, абыроймен жүзеге асырылуда.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.