A place where you need to follow for what happening in world cup

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің 2022 жылға арналған жоспарымен танысты

0 114

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады.

Мемлекет басшысына инфляцияны болдырмау жөніндегі ақша-кредит саясатының іске асырылу барысы, сондай-ақ сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі тәуекел-қатерлерді ескере отырып, бағаның өсуін тұрақтандыруға бағытталған Ұлттық банктің жоспары жөнінде баяндалды. Президентке валюта және ақша нарықтарындағы ахуал, елдің алтынвалюта резервтерінің жай-күйі, сондай-ақ былтырғы төлем теңгерімін алдын ала бағалау туралы есеп берілді. Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің негізгі мандаты саналатын қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатының тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі пайымы мен жоспарын ұсынды. Президент Ұлттық банктің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: inform.kz

 

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.