A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан имамына — темір тұлпар

0 388

Жамбыл ауданындағы 29 мешіттің бәрінде имамдары бар болса, олардың жетекшісі яғни, өңірдің бас имамы Ғайырфулла қажы Әмірбеков діни сауаттылығы жағынан да, адамгершілік қырынан да өңірімізге танымал тұлға.
Дін саласының озықтар додасында аты бастапқылардың алдына шыққан азаматтың ауданымызға ізгіліктің нұрын шашып, туралықты ту еткеніне 15 жылдың жүзі болыпты. Алғаш келген жылдары заңсыз салынған мешіттердің құжаттарын толықтай заңдастарып, бүгінде ҚМДБ-на тіркепте үлгерген. Сол жылдары табанын таусылғанын бүгінде қуанышпен еске алуда.
Аудан тұрғындарының сыр сандығына имекең жайлы сызат ой, теріс пікір түскен емес. Ылғи жасаған жақсылығын, үгіт-насихатының тұла бойды шымырлатып жіберетінін айтып отырады.
Бәлкім сол қайырлы істердің қайыры болар, бүгін Аса ауылының жомарт жандары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай, Хақ тағаланың игіліне жаратсын деп Lada(ВАЗ)Granta автокөлігін сыйға тартты.
Темір тұлпар тізгінін ұстатуға келген аудан әкімі Сәкен Арубаев, облыстық діни істер басқармасының басшысы Жангелді Омаров, облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, кәсіпкерлердің қайырлы амалына ырза болып, ақжарма тілектерін жеткізсе, Ғайырфулла Қуанышбекұлы Алла жолына тарту еткен қолы ашық азаматтарға алғысын білдірді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.