A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан әкімі ауыл қарияларымен тал екті

0 65

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ұран еткен Сарысулықтар күзгі көшеттерін екті. Ағаш отырғызу адам өміріндегі ең маңызды істердің бірі деген аудан тұрғындары игі іске жұмыла кіріскен. Ауыл-аймақты көріктендендіруді жолға қойған Сарысу ауданында ауыз толтырып айтарлық істер көп-ақ.

Осындай сауабы мол іске бастамашы болып жүрген, аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов сенбілікке шығып, шырша көшеттерін екті.

«Адамдардың ең жақсысы басқаларға пайдасы тигені» деген жақсы сөз бар қазақ халқында. Ағаш жемісімен, жапырақтарымен, көлеңкесімен және отынымен бізге пайдалы.

Ойлап қарасақ, білім алатын бүкіл кітаптар, қағаздар, үйіміздің есігі, терезесі, үстелдер және тақталар, тағы да басқа көптеген заттар ағаштан жасалады.

Осы ағаштардан жасалған дүниені қалай пайдалансақ, келешек ұрпағымыз үшін әрбір ағашты солай қорғауға тиіспіз», — дейді тал егуге шыққан Алтай Сатыбеков қария.

Д.Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.