A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан әкімі облыстық басылымды мерейтойымен құттықтады

0 289

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев облыстық «ARAI» газетінің ақ парағын ашқанына 15 жыл толуына орай өзінің әлеуметтік Facebook және Инстаграмм желісінде құттықтады, – деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

«Бүгінгі таңда журналисттердің еселі еңбегі мен қоғамдық өмірдегі үлесін бір ауыз сөзбен бағалау мүмкін емес.

Қазір ғана «Aq jol» газетінің Бас редакторы Оралхан Дәуіттің және жастар газеті аталып кеткен «Arai» газетін соңғы 10-15 жылдың көлемінде басқарған қарымды қаламгерлер Гүлнұр Ембердиева, Болат Бекжановтың аталмыш басылымның 15 жылдығына орай арнаған құттықтау сөздерін оқып шықтым. Расымен де, газет ашу қазіргі заманда оңай. Қиыны сол, оның беттерінде беттелген жаңалықтардың өзектілігі. Тек жағымды, көңілге көктем ұялататын дүниелерден бөлек, қараша халықтың қамын да, түйіні тарқатылмай жүрген мәселелерді де жан-жақты зерттеп, ақ параққа таңбалай білген «Arai» газеті абырой биігінен көрініп, құрмет төрінен түскен емес. Осы орайда бүгінде Дәулен Төленді есімді атпал азамат басқарып отырған облыстың айнасы жастық жігерімен, жаңашылдығымен ерекше көзге түсіп отыр.

Барша газет ұжымын ар парағын ашқан күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер еліміздің даму жолында ақпараттық кеңістікті тарқатып, қоғамдық пікір қалыптастырып, адами құндылықтарды кеңінен насихаттап жүрсіздер. Осы еңбектеріңіз арқылы тұрғындар аймақта, мемлекетте және жұмыр жерде болып жатқан оқиғалардан, саяси және экономикалық процестерден шынайы ақпарат алуда. Сіздерге шығармашылық табыс, шалқар шабыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді Сәкен Қаланұлы өз жазбасында.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.