A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан әкімі Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

0 100

Құрметтi сарысулықтар !

Сiздердi 7 мамыр — Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күнi мемлекеттiк мерекесiмен құттықтаймын.
Бұл күнi бiз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетемiз.
7 мамыр — егемен елiмiздiң қарулы күштерiнiң мерейiн асқақтататын, Отан үшiн отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы.
Бұл күннiң мемлекетiмiздiң болашағы үшiн маңыздылығы жоғары, себебi әрбiр қазақстандықтың ұлы да, құрметтi мiндетi — Отанды қорғау.
Сiздердi атаулы мерекемен құттықтай отырып, шаңырағыңызға қуаныш, құт-береке, зор денсаулық, елiмiздiң дамуы жолындағы еңбектерiңiзге табыстар тiлеймiн.

Аудан әкiмi: Қанатбек Мәдібек.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.