A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан әкімі спорт саласына ерекше көңіл бөлмек

0 68
Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев дене шынықтыру және спорт бөлімі бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды.
 
Онда бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері КСРО жеңімпазы,кіші әлем чемпионатының чемпионы Сарысу ауданының құрметі азаматы Серік Өмірбековті шәкірттерін дайындау үстінде жолықтырды. 
 
Аудан басшысына С.Өмірбеков бүгінгі таңдағы жетістіктермен алдағы жоспарларын айтты.
 
Сонымен қатар спорт саласы соның ішінде бокс залынан бөлек жаттығу, жуыну бөлмелерінің басқа да қажеттіліктердің керек екендігін жеткізді.
Аудан әкімі:
 
Спорт- адамзат өміріне алапат күш сыйлап, тәнге қуат, жанға мықты рух сыйлайтын қастерлі дүние. Оған ден қоймайтын, қызықпайтын, серік етпейтін қоғамды кездестіру қиын құбылыс.
Сондықтан сергек болудын, сау болудың бірден бір жолы -спортпен шұғылдану.
Бүгінде ел спорты еңсесін тіктеп, қадамын нықтап, қарыштап дамып келеді. Өйткені спорт саласына ел Президенті көңіл бөліп, қажетті қолдауды көрсетуде.
Қазақстан спортшыларының қатарын толықтыруда ауданымызда қосқан үлесі қомақты азаматтар баршылық.
Соның бірі өзіңіз. Сондықтан сіз көтерген мәселелер демеушілер тарапынан оң шешімін табуына ықпал етеміз,-деді.
 
Дариха Үмбетиярова,
Сарысу ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.