A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан әкімінің Түркістан ауылдық округіндегі жұмыс сапары

0 218

Сарысу ауданының әкімі М.Сұлтанғалиев Түркістан ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды.

Округтегі жұмыс сапары барысында аудандағы туризм саласын дамыту мәселесі қозғалды.

Осы мақсатта аудан әкімі М.Сұлтанғалиев Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылына келіп, Үшбас өзенінің бойындағы бұлақ басында болды.

Содан кейін Үшбас ауылына барып «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабында егілген талдарың жай-күйін көрді.

Үшбас ауылының жанында орналасқан, киелі жер саналатын «Қамыр әулие» бұлағын көріп, тарихымен танысты.

Аралау барысында «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабының қарсы бетінен «Питомник» өсімдіктердің екпе көшеті мен тікпе көшетін шығарумен айналысатын шаруашылық ашу жөнінде ұсыныс айтты.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.