A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудандық ауруханаға жаңа бас дәрігер тағайындалды

0 150

Аудандық орталық аурухана ұжымына аурухананың бас дәрігері Үсенбаев Батырбек Балтабайұлын таныстыруға арналған жиын өтті.
Онда алдымен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қалиев сөз алып, жиналғандарды Б.Үсенбаевтың өмірбаяны, еңбек жолымен таныстырды. Ал бұрынғы бас дәрігер Ж.Әйтішевтің Шу ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері қызметіне ауысқанын жеткізді.
Жиынға қатысқан аудан әкімі М.Мұсаев жаңа қызметке келген Батырбек Балтабайұлы мен Шу ауданына ауысқан Жайдар Әскербекұлына қызметтерін жоғарғы деңгейде атқара берулеріне тілек білдірді.
Өз кезектерінде сөз алған Ж.Әйтішев өзімен ұзақ жылдар қызметтес болған әріптестеріне алғыс айтса, Б.Үсенбаев өзіне сенім көрсеткен басқарма басшысына сенім үдесінен шығатынын жеткізді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.