Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты мектептердің 9-10сынып оқушылары арасында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Байқау 4 номинация бойынша өрбіді. Білім беру мекемелерінен 23 мектептен 34 оқушы қатысса, байқау қорытындысында «Менің кіші Отанымның тарихы»номинациясы бойынша Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Бахыт Санжар І орынды иеленді. ІІ орынды Төле би орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ақылбек Гүлім алды. «Менің туған жерім»номинациясы бойынша І орынды Б.Тайшапов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қажымұқан Назерке жеңіп алды.
Ал 14 қазан күні облыстық«Жамбыл Дарыны» ғылыми-практикалық орталығының базасында өткен «Менің кіші Отаным»байқауының облыстық кезеңіне қатысқан Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Бахыт Санжар жүлделі ІІ орынды иеленіп арнайы дипломмен марапатталды.