Бүгін аудандық орталық ауруханаға жылжымалы медициналық кешен келіп жетті. Кешеннің тұрғындар үшін пайдасы орасан. Яғни, шалғай ауылдағы тұрғындар үшін медициналық көмекті сапалы әрі тиімді пайдалануға болады. Жылжымалы медициналық кешенде гинекологиялық, рентген және флюорография, ЖПД кабинеті, зертханалық диагностика, УДЗ, ЭКГ бөлімшесі бар.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Сауруковтың айтуынша, мұндай жылжымалы кешендер 8 ауданға берілсе, соның бірі — Жамбыл ауданына тиесілі екен.