Егемендігіміздің 30 жылдығына орай Жамбыл ауданындағы Бесжылдық ауылының атауы мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбековтің есіміне өзгертіліп, күре жолдың бойынан қоғам қайраткеріне арналған обелиск пен саябақ ашылды.
23 метр биікте жалауы желбіреп тұрған саябақ ауылға кіреберістегі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан.
Бұл – жерлесімізге деген құрметтің көрінісі.