A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауыл шаруашылығы саласы — басты назарда

0 156

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бүгін Қазақстан халқына Үндеуін жолдап, халық күткен біршама мәселені айқындап берді.
Себебі, төтенше жағдайдың мерзімі аяқталуына аз ғана күн қалған болатын. Президент қазіргі індеттің таралуын ескере отырып, төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзартты.
Халықтың жағдайын ескеріп, мемлекеттік әлеуметтік көмектер көрсетілді. Бұл игі істердің барлығының куәсі болып отырмыз. Ондай шаралардың ішінде шаруа қожалықтар мен шағын кәсіп иелері де ұмыт қалмады. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жағдайлар жасалды. Бізге үлкен сенім артты.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде «Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері қиындыққа қарамастан жұмыс істеуде. Шаруалардың еңбегіне дән ризамыз. Көктемгі егіс науқаны мәселелері шешімін тапты. Бұл жұмысқа ешқандай кедергі болмауы керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне және әкімдерге осындай міндет жүктеледі. Осы науқанға және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінді. Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыштар сатып алуға жұмсалады. Жалпы, азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Бұл – қомақты қаражат. Үкімет пен құзырлы органдардың міндеті – қаржының тиімді жұмсалуын және осы үдерістің барынша ашық болуын қамтамасыз ету. Қол жеткізген нәтижемен шектелуге болмайды» деді.
Індет жойылып, еліміздегі төтенше жағдай алынып, мамыражай өмірімізге оралатынымызға сенім мол. Ол үшін біз де өз тарапымыздан шыдамдылық танытып, әрекет етуіміз керек. Біз де мемлекет көмектесуіміз керек. Себебі, бұл істердің барлығы халықтың қамы үшін жасалуда.
Көктемгі дала жұмыстары Тұрар Рысқұлов ауданында сапалы деңгейде жүргізілуде.
2020 жылдың өніміне 53 916 гектар күздік бидай, 275 гектар күздік арпа себілді (2019 жылы күзде).
Көктемде 3 500 гектар жаздық бидай, 56 220 гектар жаздық арпа, 100 гектар дәндік жүгері, 8 409 гектар майлы дақылдар, 320 гектар қант қызылшасы, 195 гектар картоп, 209 гектар көкөніс, 95 гектар бақша, 3 800 гектар мал азығына көпжылдық шөп егіледі деп жоспарланған.
Егілетін масақты дәнді дақылдар мен мақсары дақылының тұқымдары жеткілікті көлемде қолда бар. Себілетін тұқымдар тазаланып, аудандық тұқым зертханасында тексертіліп себілуде.
Көктемде себілетін дақылдар үшін айдалып дайындалған егістік жердің көлемі 71 853 гектар. Көктемде 18 804 гектар егістік жер айдалынды.
Бүгінге 59 725 гектар жаздық масақты дақылдардың толық 59725 гектары (100%), 3 800 гектар мал азығына көпжылдық шөптің 3 803 гектары (100,1%), 209 гектар көкөністің 69 гектары (33,0%),8 409 гектар мақсарының 6 942 гектары (82,5%), 195 гектар картоптың 190 гектары (97,4%), 320 гектар қант қызылшасының 87 гектары (27,1%) себілді (480 с.б. қант қызылшасы тұқымынан, 380 с.б. алынды).
2020 жылдың көктемгі дала жұмыстарына қажетті 2 795 тонна жанар-жағар май бөлінді.
Егілген дақылдардың шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жердің құнарлылығын көтеру мақсатында бүгінгі күнге 220 тонна тыңайтқыш алынды.
Ендігі мақсат-нәтижелі жұмыс атқару.Президент сенім артқан салада өз ісімізді мейлінше сапалы ұйымдастыру.

Ерғазы Еспенов,

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.