A place where you need to follow for what happening in world cup

Аян ауданның абыройын асқақтатты

0 136

Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында өткізілген Жамбыл аудандық «Табиғатты аялайық» атты экологиялық форумның жеңімпаздары  облыстық форумға қатысты.        Форумнан А.Макаренко атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы А.Жаңаберген «Туған өлке тарихы» номинациясы бойынша І орынды, 9 сынып оқушысы Д.Христофоров «Жасыл экономика» номинациясы бойынша І орынды, 8 сынып оқушысы Ж.Жомарт «Экоболашақ» номинациясы бойынша І орынды, 8 сынып оқушысы А.Тұратай «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді. Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы А.Өмірбек «Жасыл оазис» номинациясы бойынша ІІ орынды, 9 сынып оқушысы Т.Керімбек «Туған өлке тарихы» номинациясы бойынша ІІІ орынды жеңіп алды.

 Облыстық форумның жеңімпаздары республикалық форумға қатысып, А.Макаренко атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жаңаберген Аян І орынды иеленді

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.