Қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші болып саналатын жас буынның әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалану алдыңғы аға буын өкілдерінің — басты міндеті. Себебі, ерлік істерді лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ ғана егеменді елдің ертеңгі иесіне айналары анық.
Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен кездесу барысында сала ардагері Қарлығаш Ниязымбетова білім мен білік дәуірінде жастардың өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алатындығын айтып, білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс екендігін жан-жақты әңгімеледі.
Қарлығаш Елеусінқызы қиындығы мол ҚАЖ саласында қызмет ету кез келген адамның қолынан келмейтіндігін, ол үшін ең алдымен төзімділік қажеттігін баса айтты. Бұдан әрі жиынға қатысушы нәзік жандылар өз ойларын ортаға салып, ізгі лебіздерін білдірді. Олар мәні зор кездесудің өтуіне ұйытқы болған мекеме басшылығына алғыстарын жеткізді.
Айгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы