A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

0 117

Жуырда Жамбыл бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің жеке құрамы қызметкерлері қайырымдылық акциясына қатысып, түрлі дертке шалдыққан жандарға қол ұшын беру мақсатында қан тапсырды.

Қан тапсыру кезінде коронавирустың алдын алу талаптары қатаң сақталды. Шаһардағы облыстық «Қан орталығының» дәрігерлері ҚАЖ қызметкерлерінен қан алу барысында сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, қауіпті дерттің алдын алу жолдары туралы кеңінен айтып өтті.
— ЖД-158/5 мекемесінің жеке құрамы әрдайым осындай қайырымдылық шараларына қатысып тұрады. Бүгінгі таңда қатерлі ісікке шалдығып, өмір үшін кеселмен күресіп жатқандар аз емес. Сол себепті, қан тапсырып, қайырымдылық жасауды жөн санадық, — дейді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Айгүл Танашева.

Айнұр БАТЕЛОВА,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастырутобының инспекторы әділет лейтенанты

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.