A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері Рәміздер күнін атап өтті

0 104

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/1 мекемесінің қызметкерлері Рәміздер күнін атап өтті. Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында, мекеме қызметкерлері сап түзеп, карантин талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік Гимнін орындады. Мекеме басшысы әділет полковнигі Бауыржан Сауранбаев мемлекеттік мерекемен құттықтап, өзінің ізгі тілегін жеткізді.

– Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Санамызға тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие мемлекеттік рәміздеріміздің мерейлі мерекесіне ағымдағы жылы 28 жыл толды. Әрқашан тәуелсіздігіміз тұғырлы, бейбіт күніміз ғұмырлы, еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын, – деді ол.

 
Құндыз Ахашева,
ЖД-158/1 мекемесінің психологы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.