A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері театрға барды

0 231

«Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады», — дейді атақты режиссер Робер Лепаж. Ендеше, уақыт тауып, өзімізді рухани тұрғыда байытып, көңіл көкжиегімізді кеңейту үшін киелі өнер ордасына барып тұрған дұрыс.

Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған қарасты мекемелердің жеке құрам және еркін жалдамалы қызметкерлері А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында «Шутники» қойылымын тамашалады.

55-ші маусымның салтанатты ашылуына орай сахналанған қойылымда рухани, адамгершілік және эстетикалық тәрбие жан-жақты көрсетіліп, театр өнерін сақтау әрі дамыту мәселесі асқан шеберлікпен жеткізіледі.

А.Н.Островскийдің пьесасының желісімен көрермен назарына ұсынылған қойылымның қоюшы-режиссері Пётр Норец. Облыстық орыс драма театрының тарихында алғаш рет ГИТИС-пен бірлескен жоба аясында сахналанған дүниенің жарық көруіне Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі, Росконцерт және облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тікелей қолдау білдіріпті.

Тағылымы мол қойылым соңында ҚАЖ қызметкерлері 1936 жылы 16 наурызда ашылған А.Тоқпанов театрын аралап, ондағы экспонаттарды көріп қайтты.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.