ұл қуанышты жаңалығымен Мақпал Жүнісованың өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен. Ол еңбегін елеген Алматы басшысына алғысын білдіріген.
«Елегендеріңіз үшін, Алматы әкімі Бақытжан Әбдірұлына үлкен рахмет! Дәл осы сәтте марапатталдым» , — деп жазды әнші.
Өнер иесі Алматы әкімдігінің ғимаратында өткен марапаттау рәсімінен видео жариялаған.
Желі қолданушылары бірден Жүнісованы құттықтап, оған деген ақ тілегін жаудырды.
«Әбден лайықсыз» , «Құтты болсын Мақпал апай, еңбегіңіздің демісін көре беріңіз» , «Жарайсыз, сіз үшін аса қуаныштымын» , «Марапат құтты болсын, еңбегіңіз жансын» , «Жүлделеріңіздің қатары көбейе берсін» , «Сізді жақсы көреміз, тек қана алға «, «Сізге «Еңбек еруін» беру керек, бәріне лайықсыз» , «Бұдан да зор құрметке лайықсыз» , «Құтты болсын, жетістіктеріңізге тек қана қуанышпен қараймыз» , — деп жазуда халық.