A place where you need to follow for what happening in world cup

Баланы қуанту — сауапты іс

0 213

Бала қуанса, шын қуанады. Сіздің сөз жәрдеміңіздің өзі — аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан және жетім балалармен ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге үлкен демеу, олардың ертеңгі күнге деген сенімін арттыра түспек.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің ұжымы тек қоғам қауіпсіздігін сақтаумен ғана емес, қоғамдағы сан алуан өзекті мәселелерге баса назар аударуды да өз міндеттері деп біледі! Оған мекеме бастығы, әділет полковнигі Бауыржан Сауранбаевтың бастаған қызметкерлердің азаматтық белсенділігі дәлел.

Дәл осындай мақсатпен 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында мекеме бастығы Бауыржан Әбуұлының бастамасымен, арнайы есеп бөлімінің есеп жүргізу технигі Ажар Ерімбетованың ұйымдастыруымен игі шара қолға алынды.

Оның аясында мекеме ұжымы облыс орталығында пәтер жалдап тұратын жалғызбасты анаға көмек көрсетті. Атап айтқанда, алғашқы қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп беріп, отбасының алғысын алды. Мұндай игі істер алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Айгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.