A place where you need to follow for what happening in world cup

Басқарма қызметкерлері марапатталды

0 154

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес 8 қарашада елімізде Статистика күні атап өтіледі. Айтулы күн 1920 жылғы 8 қарашадан бастап тойланып келеді. Қазақ АКСР үкіметі Қазақстандағы бірыңғай орталықтанған статистика жүйесінің бастауы болған «ҚазАКСР-дегі мемстатистика туралы ережені» қабылдағаннан, осы күн еліміздің статистика саласы үшін тарихи дата ретінде белгіленді.
Бұл саланың жұмысы тура 100 жыл бұрын басталған. Жүз жыл ішінде Қазақстанның статистика жүйесі халықаралық талаптарға сай өзгерді. Бүгінгі таңда еліміздің осы саласында заң жүйесі, нарықтық экономика елдеріне сай статистикалық әдістемелері бар. Сонымен қатар статистика жасау үшін қажетті заманауи технологияларды енгізу жұмыстары да сәтті жүзеге асырылып жатыр.
Мемлекеттік статистика – статистикалық ақпаратты жинау мен өңдеудің орталықтандырған жүйесі. Елімізде мемлекеттік статистика органдарының жұмысын «Мемлекеттік статистика туралы» Заң реттейді. Статистика органдары экономика, әлеуметтік және демографиялық индикатор, ауыл шаруашылығы мен халық тұрмысы секілді салалар бойынша халықаралық талаптарға сай объективті және толық мәлімет бере алады. Жалпы алғанда, статистика мемлекет үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды.
Осы айтулы күнге орай өңір басшысы Сәкен Арубаев аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық статистика басқармасының ұжымын арнайы қабылдады. Оларды кәсіби мерекесімен құттықтап, сый-сияпатын ұсынып, құрмет көрсетті.
– Қандай да бір мәлімет, дерек қажет бола қалса, статисти­каға жүгінеміз. Өйткені, статистика нағыз шынайы көрсеткіш­тер қоры болып табылады. Статистика – өте дәл цифрлар әлемі. Ол әрқашан жауапкершілікті, тиянақтылықты талап етеді. Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке тілегім келеді, – деген Сәкен Қаланұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан басқарма басшысы Айдар Қабатаевқа аудан әкімінің Құрмет грамотасын, жетекші мамандар Айнұр Махамбетқұловаға, Нұржас Досанбаевқа аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Сонымен қатар басқарманың жетекші мамандары Алия Шырымбекова, Гүлнар Есенаманова, Қарлығаш Қаманова Жамбыл ауданының Құрмет грамотасымен, бас маман Ләззат Боранбаева, жетекші маман Алтынбек Шамбаев «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Соңынан сөз сөйлеген Айдар Кеңесбайұлы сала қызметкерлерін елеп-ескеріп, арнайы қабылдап, марапат ұсынған аудан әкіміне ұжымы атынан рақмет айтып, ризашылығын білдірді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.