A place where you need to follow for what happening in world cup

«Бастау» жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді

0 102

Мойынқұм ауданында «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында «Бастау» жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Іс шараға сот төрағасы Б.Абуев, топтың жетекшісі Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары А.Нәметқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудан биі Ж.Қалыбаев, ауданның Төбе биі Ш.Акимов, аудан әкімдігінің АХАТ бөлімінің бас маманы Е.Калымбетова және неке бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінген ерлі-зайыптылар қатысты.
Бастау тобының мүшелері ерлі-зайыптыларға дауды бейбіт жолмен шешудің артықшылықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, неке және отбасы құндылықтарын, баланың толыққанды отбасында тәрбиеленуінің маңыздылығын түсіндірді.
Жалпы отбасын сақтап қалу және дау-жанжалдан арылмай жүрген ерлі-зайыптыларды татуластыру, отбасы құндылығын сақтап, неке бұзудың алдын-алу шаралары ретінде халық арасында отбасы құндылығын насихаттауға бағытталған тәрбиелік мәні бар жұмыстарды жандандыру «Бастау» жұмыс тобының басты мақсаты болып табылады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.