A place where you need to follow for what happening in world cup

Басты мақсат – есепте тұрған сотталғандарға көмек көрсету

0 121

Жуырда Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұловтың төрағалық етуімен аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, оларға көрсетіліп жатқан көмек түрлерін талқылау және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кезекті консультациялық-кеңесші органының отырысы өтті.

Басқосуда аудандық пробация қызметінің ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары баяндалып, шешімін таппай жатқан мәселелер назарға алынды. Атап айтқанда, пробация қызметіне қажет биометриялық есепке алу құрылғысына қол жеткізудің мүмкіндігі сөз болды.

Жиын соңында консультациялық-кеңесші органының төрағасы Амангелді Нәметқұлұлы аталған органның мүшелеріне пробация есебіндегі сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамтып, оларға әлеуметтік көмек түрлерін көрсету үшін нақты тапсырмалар берді.

Нұрсұлтан Каипов,
Мойынқұм аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.