A place where you need to follow for what happening in world cup

Басты мақсат – тұрақты жұмыспен қамту

0 185

Түзеу мекемесінен босап шыққандарды қоғамға бейімдеу оңай шаруа емес. Қазіргі таңда дәл осы мәселені шешу үшін өңірлік ҚАЖ департаменті тарапынан кешенді іс-шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлермен әріптестік қарым-қатынас орнатылып, нәтижесінде түзеу мекемелерінде жұмыс орындарын ашып, сотталғандарды жұмыспен қамту жолға қойылған екен.

Мәселен, ЖД-158/5 мекемесіндегі (қоныс колониясы) сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған 7 жеке кәсіпкер бар. Солардың бірі – Тилендиев жеке кәсіпкерлігі. Бүгінгі күні аталған жеке кәсіпкерлікте екі жақты келісім шартқа сәйкес, 10 жазасын өтеуші азамат еңбек етуде. Олар құрылысқа қажетті блоктық кірпіш құюда.

Мекеме бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков айтуынша, жазасын өтеушілерді жаңа өмірге бейімдеудің бір жолы – екі қолға бір күрек тауып беру әрі кәсібін дөңгелетуді үйрету.

— Бостандыққа шыққан азаматтар адамдық өмірге үйрене алмай сарсаңға түсетіні рас. Әсіресе, оларды жұмыссыздық мәселесі толғандырады. Сотталған адамды жұмысқа қабылдамайтын мекемелерде жоқ емес. Сол себепті ебі бар жұмысты кәсіпке айналдыру қажет-ақ, — деді Б.Шарипбеков.

Айнура Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.