A place where you need to follow for what happening in world cup

«Берекелді» наубайхананың берекесі артып тұр

0 122

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» дегендей еліміздің көркеюіне үлес қосып, еңбек етіп жүрген нәзікжанды әпке-қарындастарымыз бар. ауданымызда кәсіпкерлік саланың дамуына өзіндік үлес қосып жүрген «Берекелді» наубайханасының иесі Жаңатастық Сандуғаш Үсіпбекованы әңгімемізге арқау етуді жөн санадық.

— Ең алғаш «Шах» дүкенінде нан пісіруші болып бастадым. Нан түрлерін пісіруді сол жерден үйрендім. Неге өзім наубайхана ашпасқа?-деген ой келді. Сөйтіп бір сәтте көк базардың қасынан наубайхана аштым. Әкем Батихан Үсіпбековтің көмегі көп болды. Жеке қаражат жинап, наубайханаға қажетті пештер, нан илейтін құрылғылар мен тағы басқа жабдық сатып алдым. Қазіргі таңда жергілікті шаруалардан жеткізілген ұннан мұнда нанның 10 шақты және тәтті тоқаш өнімдерінің 15 түрін пісіріп отырмыз. Шымкент, Тараз қалаларынан да тапсырыс берушілер бар. Карантин кезінде көп қиыншылықтар туындады. Алайда оған мойымай жұмыс жасап келе жатырмыз. Қазіргі таңда бір адамды жұмыспен қамтып отырмын. Алдағы жұмыс жоспарым наубайхананы кеңейтіп, ауданға өзімнің үлесімді қосу,-деді. Қайырымдылық жасап, тегін нан таратып тұратынын жеткізді.

Жаңа бизнестің арқасында, мұнда піскен нанның иісі аңқып, келушілердің де қатары артқан. Сонымен қатар, той-томалақ, ас берушілер үнемі тапсырыс беріп жатады. «Берекелді» наубайханасының тоқаштарын алып көрдік. Өте дәмді. Бағасы да тиімді» деген қала тұрғындарының жылы сөзін жиі естиміз. Нан мен тоқаш өнімдерінің сан алуан түрін пісіретін наубайхана болашақта аудан дамуына өзіндік үлес қосатынына сенімдіміз.

КАМЕЛИ СҮЛЕЙМЕНОВА,

САРЫСУ АУДАНЫ

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.