A place where you need to follow for what happening in world cup

Бесағаштықтар екінші үйді асарлатуда

0 121

Бесағаш ауылдық округіне қарасты Түрксіб ауылында көптің көмегімен тұрмыстық табысы төмен, баспанаға мұқтаж отбасыға арнап, үй салынуда.

Округ әкімі Бейбіт Нигматуллаевтың айтуынша, бұл үйдің құрылысына тұрғындар өздері ұсыныс білдірген.

— Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Асарлатып үй салу» жобасына ауданымыз расымен де, білек сыбана кірісті. Бесағаштықтарда ауылдық ардагерлер кеңесімен кеңесе келе, Бесағаштан баспана қажет деген азаматты анықтап, біркісідей атсалысты. Қажетті техниканы өзім апарып берем. Тұрғындар ұйымшыл. Қазіргі таңда шатырын бітіп, ішкі-сыртқы жұмыстарын үйлестіруде. Дегенмен округке қарасты Түрксіб ауылының азаматтары да сауапты істен кем қалмай, бізде ауылдан баспананы қажет ететін отбасына үй салмақшымыз деген талап-тілегін естігенде ырза көңіл таныттым. Бүгінде қажетті техника жұмылдырып, жұмысты бастап кеттік, — дейді Бейбіт Сұңғатұлы бізбен әңгімесінде.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.