A place where you need to follow for what happening in world cup

Бесағаштықтар жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастады

0 483

Жамбыл облысы  Жамбыл ауданы  Бесағаш ауылының  тұрғындары үшін күз айының алғашқы күні ерекше леппен басталды. Тағатсыздана күткен 300 орынды №6 мектеп-гимназия оқушыларға есігін айқара ашып, жаңа оқу жылына тамаша тарту болды.  

 

Жобалық құны 1 миллиард  286 миллион  866 мың теңгені құраған нысанның құрылысын «ТаразҚұрылысДизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Көздің жауын алар сыртқы келбеттіне қарап, білім ошағының ішкі құрылымын тамашалауға асығасың. 4 гектар аумақты алып жатқан мектепте заманауи технологиялармен жабдықталған 22 пән кәбинеті, үлкен және кіші футбол алаңы, спорт залы да орын тепкен. Сыныптарда санитарлық талаптар қатаң сақталған. Яғни, оқушылар әр партаға біреуден ғана отырып, дәріс алады. Мектеп тәрбиеленушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нысанда 20 нүктеге бейнебақылау камералары орнатылған.

Білім күні қарсаңында берілген білім ордасының салтанатты ашылуына  облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев арнайы қатысып, оқытушылар мен оқушыларды мерекелерімен құттықтады.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар  мен оқушылар! Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз алғаш рет жаңа оқу жылын қашықтықтан оқытуды бастады. Өңірімізде бұл форматқа дайындық жұмыстары пысықталып, жан-жақты қаралды. Ғаламторлары жоқ ауылдарға сымсыз роутерлер жөнелтілді. Бастауыш сыныптар дәстүрлі түрде тәлім алуын жалғастыра бермек. Біздің ендігі межеміз – білім алуға ұмтылу, мектеп табалдырығынан бастап тың идеяларды жүзеге асырып, жаңашылдыққа бағыт алу қажет. Мемлекетіміз жасөспірімдердің болашағына серпіліс әкелу мақсатында қабырғалы жобаларды қолға алып, тиімді бағдарламаларды жүзеге асыруда. Еліміздің әлеуетін көтеру, өздеріңіздің қолдарыңызда!, – деді Бердібек Машбекұлы.

Мерекелік шараға аудан әкімі Сәкен Арубаев, облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова, Бесағаш ауылдық округінің әкімі Бейбіт Нигматуллаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова және  аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов қатысып,  бесағаштықтардың қуанышымен бөлісті.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.