3 ақпан күні білім басқармасының мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Жылқыбаев Ержан Жұматұлының төрағалығымен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Жиында 2020 жылғы білім саласының жұмыстары қорытындыланып, ағымдағы жылда атқарылатын жұмыстар мен міндеттемелердің жүйелі түрде іске асыру жолдары пысықталды.
Бұдан бөлек, мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру салаларындағы маңызды мәселелер, мұғалім мәртебесі, бала тәрбиесі мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық сынды өзекті тақырыптар көтерілді.