A place where you need to follow for what happening in world cup

Бірлігі бекем елдің тірлігі көркем

0 217

Бірлік — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды этикалық ұғым. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі.

Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды.

Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі — береке”, “алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді” деп түйген.

Осының дәлелі іспеттес Түркістан ауылдық округі бойынша 1397 тұрғын болса , оның 389-ы гүрді ұлтының өкілдерін құрайды.

Ал, Арыстанды елді мекенінде 390 адам болса, оның 291-і гүрді ұлтының өкілдері , 99-ы қазақтар қаншама жылдардан бері бір үйдің баласындай тату-тәтті, достықта өмір сүруде.

Міне, бүгін осындай мақсатты көздеген аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев Түркістан ауылдық округіне арнайы атбасын бұрып, ондағы елдің тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Содан соң, аудан әкімі Ұлыстың ұлы күніне орай Арыстанды ауылдық округіне барып, ондағы тұрғындармен кездесті.

Кездесуде аудан әкімі: — Басты мақсат елдің бірлігі, достық пен татулықты сақтау. Мереке құтты болсын!

Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде жүргізілген ұлтаралық татулық пен толеранттылық саясат өз жемісін берді. Осы «сарабдал саясаттың» арқасында Қазақстан татулық пен тұрақтылықты сақтай алды.

Мұның нақты дәлелі Сарысу ауданының Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды елді мекенінде қоныстанған гүрді ұлтының өкілдері екендігіне тоқталды.

Олармен емен-жарқын тілдесіп, ұлыс күнімен құттықтады.

Алдағы уақытта осындай достық қарым-қатынаста ауданның өсіп-өркендеуі жолында бірге еңбек етуге шақырды.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.